Құжаттар мен жүктерді экспресс жеткізу

Алматы, Қазақстан және бүкіл әлем бойынша жедел жеткізу — есіктен есікке дейін, әр кезеңде сақтандырумен және бақылаумен. Қала ішінде курьер өтінім берілген күні келеді.

  • Есіктен есікке дейін курьер
  • Алматы мен Қазақстан бойынша — 1 күннен бастап
  • Сақтандыру және трек-нөмір
  • Бизнеске арналған келісімшарт және жеңілдіктер

Не жеткіземіз

Құжаттар және бухгалтерия

Келісімшарттар, шоттар, бухгалтерлік құжаттар, тендерлік құжаттама.

Үлгілер мен қосалқы бөлшектер

Өнім үлгілері, бизнеске арналған қосалқы бөлшектер мен құрамдас бөліктер.

Кез келген габариттегі жүктер

Шағын габаритті, габаритті және құрама жүктер.

Сынғыш және құнды жүктер

Өзіміз қаптаймыз: қорап және қорғаныш материалдары, аса құнды жүкке — өз өндірісіміздің ағаш қаптама қаңқасы.

Қызметке не кіреді

Есіктен есікке дейін

Курьер жөнелтімді кеңсеңізден немесе үйіңізден алып, алушыға жеткізеді — қабылдау пунктіне барудың қажеті жоқ.

Міндетке сай мерзімдер

Экспресс тарифі — жылдамдық маңызды болғанда, эконом — баға маңызды болғанда. Мерзім мен құн бойынша бағдарды калькулятор көрсетеді.

Онлайн бақылау

Әрбір жөнелтімнің трек-нөмірі бар: мәртебесін нақты уақыт режимінде сіз де, алушы да көресіз.

Жүкті сақтандыру

Жөнелтімдер сақтандырылған; зақымдалған немесе жоғалған жағдайда өтемақы қарастырылған.

Қаптама

Конверттер, қораптар, қорғаныш пленкасы және қаптама қаңқасы — жүкті тасымалдауға біз дайындаймыз.

СДЭК Экспресс курьері жөнелтімді клиенттің кеңсесінен алып жатыр

Мерзімдер мен тарифтер

  • Алматы мен Қазақстан бойынша1–3 жұмыс күні · 1540 ₸-ден бастап
  • Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения3 күннен бастап
  • Басқа елдерCDEK халықаралық желісі арқылы

Бағытыңыз бойынша нақты құны мен мерзімін хабарласқан кезде есептеп береміз — қаланы, салмақты және габариттерді айтыңыз. Өтінім толтыру →

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. 1

    Өтінім

    Телефон немесе WhatsApp арқылы өтінім қалдырасыз.

  2. 2

    Жүкті алып кету

    Курьер келісілген уақытта келіп, жөнелтімді алып кетеді.

  3. 3

    Бақылау

    Мәртебені трек-нөмір бойынша қадағалайсыз.

  4. 4

    Тапсыру

    Алушы жүкті есік алдында қабылдайды немесе ыңғайлы беру пунктінен алады — сіз тапсыру туралы растау аласыз.

СДЭК Экспресс курьері сәлемдемені алушыға есік алдында тапсырып жатыр

Бизнеске арналған шарттар

Тұрақты жөнелтімдері бар компаниялармен келісімшарт жасаймыз: ҚҚС-пен және жабу құжаттарымен қолма-қолсыз есеп айырысу, кейінгі төлем, жеке тарифтер, жеке менеджер және барлық жөнелтімдер бойынша есептілік. Көлем неғұрлым үлкен болса, тариф соғұрлым тиімді.

Келісімшарт жасасу

Жиі қойылатын сұрақтар

Курьер қаншалықты тез келеді?

Алматы бойынша — өтінім берілген күні; өтінім күннің бірінші жартысында берілсе, әдетте бірнеше сағат ішінде.

Нені жіберуге болмайды?

Ақша, қару, тез бұзылатын өнімдер және тасымалдауға тыйым салынған басқа да жүктер. Толық тізімді рәсімдеу кезінде менеджер нақтылайды.

Жүк сақтандырылған ба?

Иә, әрбір жөнелтім. Оқыс жағдайда — сақтандыру шарттарына сәйкес өтемақы.

Жеткізу кезінде төлеммен жіберуге бола ма?

Иә: алушы алған кезде қолма-қол немесе картамен төлейді, ал ақшаны біз сізге аударамыз. Толығырақ — жеткізу кезінде төлем.

Логистикаңызды бізге тапсыруға дайынсыз ба?

Өтінім қалдырыңыз — менеджер сізбен байланысып, тарифтерді есептеп, көлеміңізге сәйкес келісімшартты дайындайды.